Түркістан облысы, Шардара ауданындық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 12.09.2025ж күні аудандық білім бөлімінің хатына сәйкес “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Отбасы күні” мерекесіне орай "Отбасы-бақыт мекені" атты отбасылық байқау ата-аналар арасында ұйымдастырылды. Мақсаты мектеп пен оқушы, ата-аналар арасындағы байланысты жандандыру және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болды.
Байқаудың шарттары төмендегідей
1. кезең -Өзін-өзі таныстыру
2. кезең “Отан отбасынан басталады” қойылым (драмалық, комедиялық, әдеби-сазды)
3. кезең “Отбасымның таланттары” - отбасы мүшелерінің қол өнердегі, аспаздық, шығармашылық шеберлігін көрсету.
Байқауды мектеп директоры, қазылар алқасының төрағасы Н. Т. Сариев ашып, байқауға қатысушы ата- аналарға сәттілік тіледі. Арнайы әділ қазылық жасауға Аудандық мәдениет сарайының қызметкері, жыршы, термеші, Республикалық, облыстық жыршы- термеші байқауларының лауреаты С.Т. Бегманов, ата-аналарды қолдау орталығының төрайымы Г. Маусымбаева шақырылып, ДТЖЖО Н.Ж.Ділдәбек төрелік жасап, әділ шешім қабылдады.
Байқауға ата-аналар қызығушылықпен, белсенділікпен, қатысып, байқаудың тартысты өтуіне асталысты.
Көмек беріп, жанашыр болған сынып жетекшілерімізге алғыс білдіреміз.