Б. Соқпақбаев ЖБОМ. 7 "Ә" Сынып жетекшісі Примжаров Серик оқушыларға отбасы құндылықтары жайлы сынып сағатын өткізді. Отбасы - мемлекеттің іргетасы. Отбасы - адам баласының өсіп-өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы екендігін Примжаров Серік ағай өз сөзінде баяндады.Сынып сағаты барысында, оқушылар "отбасылық құндылықтар" жайлы көптеген мағұлматтар алды. "Отбасым алтын бесігім"атты арнайы дайындалған бейне ролик көрсетілді. Ақсарбай Айда мен Оралбай Ерасыл отбасы құндылықтары жайлы өз ойларымен бөлісті.Сабақ барысында отбасы құндылығы жайлы мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар өте белсенді қатысты. Отбасылық құндылықтарды қастерлеп,оларға кір келтірмей жүру -барша халықтың басты парызы екендігі айтылды.