Түркістан облысы Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылы 3 наурыз күні бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай "Осындай мамандықтар бар!" тақырыбында 3-4 сынып оқушыларымен танымдық сабағы өткізілді.
Шараның мақсаты:
Оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру;
Болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар көрсету;
Әр кәсіптің қоғамдағы маңыздылығын ұғындыру;
Балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесу.
Мамандықтар әлеміне саяхат
Танымдық шолу барысында оқушыларға түрлі мамандықтар туралы ақпарат берілді. Олар:
- Мұғалім – балаларға білім мен тәрбие береді.
- Дәрігер – адамдардың денсаулығын қорғайды.
- Полиция қызметкері – тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
- Құрылысшы – үйлер, көпірлер мен жолдар салады.
- Аспаз – дәмді тағамдар әзірлейді.
- Ғарышкер – ғарышты зерттейді.
- Бағдарламашы – жаңа технологияларды дамытады.
Сонымен қатар, "Менің арманымдағы мамандық" бөлімі ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің болашақта кім болғысы келетіні туралы ойларымен бөлісті. Бірі дәрігер болуды армандаса, екіншісі ұстаздық жолды таңдады, ал кейбір оқушылар полиция қызметкері болуға қызығушылық танытты.
Бұл танымдық шолу оқушыларға мамандықтардың алуан түрлі екенін көрсетіп, олардың әрқайсысы қоғам үшін маңызды екенін ұғындырды. Олар мамандықтар туралы жаңа мағлұматтар алып қана қоймай, өз болашақтарына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.
Болашақ – білімді, мақсатты және өз мамандығын сүйетін жандардың қолында!