Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты "Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" "Таза Қазақстан" кең ауқымды акциясы шеңберінде, ағымдағы жылдың 6-желтоқсанда білім беру ұйымдарында ерікті түрде тазалық жұмыстарын жүргізуді ұсынған болатын. Осыған орай бүгін мектебіміздің ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акцияға мектебіміздің кіші қызметкерлері белсене ат салысты.
Негізінде сенбіліктер тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол.
Бұндай қоғамдық жұмыстарға мектептің кіші қызметкерлері де барынша атсалысып, үрдіске айналған игілікті іске үлес қосып келеді.a