Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөлімінің 23. 09. 2024 ж №1682 хаты негізінде Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2 - қазан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ұстаздың тарихи танымдығын, педагогикалық - психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау. Тәрбие жүйесінде ұстаздардың жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше көңіл бөлу, жаңартылған білімдегі тәжірибесімен өзара бөлісу мақсатында «Өнерлі ұстаз - 2024» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Байқаудың шарттары төмендегідей болды.
1. кезең Үміткерлер шығармашылық портфолиосын қорғады.
2. кезең Өзін - өзі таныстыру - Қатысушылар өздерін таныстырып, көшбасшылық қасиеттерін, кәсіби біліктіліктерін, шығармашылық шеберліктері мен белсенділіктерін әр қырынан жан - жақты көрсете білді.
3. кезең «Менің педагогикалық қызметім» атты кезеңде сайыскерлер кәсіби шеберліктерін ашық сабақ көрсету арқылы қорғады 5 - 8 мин аралығында.
4. Өнер сайысы. (ән, би, күй шығармашылығы)
5. Сұрақ - жауап.
Өнерлі ұстаздарымыз байқау барысында өздерін жан - жақты көрсетіп, жоғарғы дайындықпен қатысып, нәтижесінде әділ - қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Көркем еңбек пәні мұғалімі Тұрсынбаев Еділ иемденіп, 11 - қазан күні аудан көлемінде өтетін «Өнерлі ұстаз» байқауына қатысатын болды.