Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Шарадара ауданының білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Е.Д.Акбердиев пәндер олимпиадасының мектепішілік және аудандық кезеңінен іріктеліп, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін құттықтады. 2024-2025 оқу жылында 5-11 сыныптар арасында өткен пәндер олимапиадасының аудандық кезеңіне 66 оқушы қатысып, 40 оқушымыз жүлделі орындарға ие болса, оның ішінде 6 оқушымыз жүлделі 1- орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алып отыр.

Бұл жеңістер-сіздердің талмай ізденген еңбектеріңіздің , ұстаздарымыздың жетекшілігі мен ата-аналарыңыздың қолдауының жемісі. Сіздердің бұл жетістіктеріңіз –мектеп үшін үлкен мақтаныш, алдағы буынға үлгі. Әр пән бойынша терең білім мен тапқырлық танытып, алдыңғы қатардан көрінгендеріңіз сіздердің болашаққа деген нық қадамдарыңыздың бастауы екені анық.

Ендігі мақсат-облыстық олимпиадада да биік белестерді бағыдыру міндеті тұр. Бұл жолда дайындықты күшейтіп, білімдеріңізді одан әрі шыңдай түсулеріңіз қажет. Алдағы сындарға тыңғылықты әзірленіп, өз мүмкіндіктеріңізді толық пайдалануға тырысыңыздар. Облыстық деңгейде де үздіктер қатарынан көрініп, жаңа жетістіктерге жететіндеріңізге сеніміміз мол!