Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 05.04.2023ж. күні «Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзіреттілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өткен география пәні мұғалімі Н.Қосаева курс барысында алған кәсіби құзіреттерін оқу процесінде қолдану мақсатында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында білім берудегі аналитиканың мақсаты мен міндеттерін, аналитикалық жұмыстың принциптері мен құралдарын айтып өтті. Пәні бойынша оқу сапасының деңгейін анықтау үшін деректерді талдау әдістерін таныстырып, білім сапасын арттыру және оқыту тәжірибесін жетілдіру бойынша шешімдер қабылдау үшін ағымдағы бақылау деректерін талдау жолдарын көрсетті. Білім беру деректерін талдауда цифрлық құралдарды қолдану, Microsoft Excel, Microsoft Power BI мүмкіндіктерін таныстырып өтті. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Алайдарова «ҚМЖ-ның тиімді құрастырылуы» тақырыбында мұғалімнің сабақ жоспарын жасаудағы басты назарда ұстанатын мәселелеріне толықтай тоқталып өтті. Өз тәжірибесімен бөліскен әріптестердің жұмыстары тыңдармандардың көңілінен шықты. Семинарға қатысқан және өздерінің әдістемелерімен бөліскен әріптестерімізге мектеп әкімшілігі тарапынан шығармашылық табыстар тілейміз.