Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 19.03.25 ж. күні 4 ”Ә" сынып жетекшісі Ораз Ботакөз Жұмакелдіқызы “Наурыз - жыл басы” тақырыбында сынып сағаты өткізді.
Сынып сағатының мақсаты: Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту. ”Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде қолдану.
Құндылық: Тәуелсіздік және Отаншылдық
Сабақ барысында ҚР. Гимні орындалып сынып жетекші баяндама оқыды. Тақырыпты “Сөзжұмбақ шешу, Мақалдың жалғасын табу” әдістері арқылы ашып, наурыз мерекесінің мәнін түсіндірді. Оқушылар наурыз туралы өлең , тақпақтарын айтып, ұлттық ойындармен пазл құрастырып, сұрақтардың жауабын тапты. Сонымен қатар, “Киіз үй құрастыр”, “Бес тас” ұлттық ойындарын ойнап, қызықты тапсырмалар орындады. Сабақ қазақтың “Бата беру” дәстүрімен қорытындыланды.