Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Наурыз мерекесін атап өтуге арналған АББ-нің № 465 хаты негізінде 14-наурыз Көрісу күні-амал мерекесін атап өту барысында «Наурыз-жақсылықтың жаршысы» атты челлендж ұйымдастырылып өтті.
Мақсаты: Оқушыларды қазағымның салт-дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Тамыры тереңде жатқан салт-дәстүр қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс-ынтымақтың, сыйластықтың белгісі. Қыстан аман шыққан ағайын-туыс бір-бірімен кездесіп, әулеттің үлкеніне сәлем беріп, көрісіп, «Қосқан жасың құтты, ғұмырың ұзақ болсын» деген тілек айтқан.
Халқымыздың бір-біріне деген ізеттілігін, құрметін, сүйіспеншілігін, ынтымағын арттыратын «Көрісу» мерекесі баршамызға құтты болсын!
Осы челленджді барша мектептерге жолдаймыз.