Түркістан облысы, Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 24 мамыр күні 9-11 сыныптар арасында нашақорлықтың алдын алу мен оқушылар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын ұғындыру мақсатында "Нашақорлық - зияны мен зардабы" тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Нәтижесінде 11 сынып оқушысы Зейілбек Айжамал(ЖМБ), Садвақас Раушан(ҚГБ), 10 сыныптан Литанат Әсел(ҚГБ), Молдазым Қалдығыз(ЖМБ), 9 сыныптан Танжар Әсел нашақорлық туралы ойын ашық жеткізіп, тақырыптың мазмұнын ашып, жақсы нәтиже көрсетіп, жазған эсселері ауданға жолданды.
Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болу.
Адамгершілік, имандылық қасиеттерін бойларына сіңіру.