Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Нұрдәулет - біздің мақтанышымыз
Қалдыбек Нұрдәулет Ержанұлы 2013 жылы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепті бітірген соң, сол жылы Алматы қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы университетке оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2017 жылы аяқтады.
Оқуды тәмамдағаннан кейін «Эснаф» ЖШС компаниясына инженер болып жұмысқа орналасты. Құрамында 150-ге жуық қызметкері бар бұл компания қазіргі таңда тұрғын-үй және жол құрылысы бағытында жұмыс жасайды.
Бүгінде Нұрдәулет Ержанұлы осы компанияны басқарып, Қазақстанның құрылыс саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.
Нұрдәулет Ержанұлы 2019 жылы үйленіп, бүгінде үш баланың әкесі атанып отыр.
Нұрдәулет өзі білім алған алтын ұя мектебіне демеушілік жасап, мектептің барлық кабинеттерін жарықтандырып, мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларына қуаныш сыйлады.
Нұрдәулеттің жұмысына сәттілік, отбасына амандық тілейміз.
Біз де өз атымыздан мектебіміздің түлегіне үлкен алғыс білдіреміз. Еңбегің жана берсін, Нұрдаулет.