Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологтары Ләйлә Калиева және Нұргүл Халмұратова "Үміт, сенім алға жетелейді" тақырыбында бітіруші 11 - сынып түлектермен және 7 "А" сыныбымен психологиялық тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты: Оқушыларды жігерлендіру (мотивациялық) қолдау көрсету, қобалжуға, өзіне сенімсіздік болмауына көмектесу. Тренинг барысында оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, жағымсыз ойлардан, қорқыныш-үрейден арылтып, жағымды эмоциялық көңіл күй тудыруға жағдай жасалынды.