Түркістан облысы Шардара қаласы Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай 2024 жылдың 20 желтоқсан күні 9"А"сынып жетекшісі М.Митанова оқушылармен "Өмір жолын қалыптастыру және кәсіби мақсаттар" тақырыбында танымдық әңгімелесу сабағын өтті. Сабақтың негізгі мақсаты: жасөспірімдерге болашақ мамандықты таңдаудың маңыздылығын түсіндіріп, мақсат қою және сол мақсаттарға жету жолдарын анықтауға бағыт беру.
Сабақ басталған сәттен оқушылар белсенділік танытып, мамандық таңдау туралы өз ойларымен бөлісті. Мұғалім оларға өмірлік жоспар құрудың маңыздылығын айтып, кәсіби мақсаттарды анықтауда SMART қағидасы туралы түсіндірді.
Оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау үшін арнайы тапсырмалар орындап, келешек жоспарларын құруға тырысты. Сонымен қатар, топтық талқылау кезінде әрқайсысы өз армандаған мамандығын таныстырып, пікір алмасты.
Сабақ барысында әр оқушы өзінің болашағы туралы ойланып, мамандық таңдаудың тек білімге ғана емес, қызығушылық пен қабілетке де байланысты екенін түсінді. Оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетіп, пікір алмасуы олардың өздеріне деген сенімділігін арттыра түсті.
Әңгімелесу сағаты оқушыларға болашақ өмір жолын қалыптастыруда нақты бағыт-бағдар берді. Олар өздерінің алғашқы кәсіби мақсаттарын қойып, сол мақсаттарға жету үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсінді.
Болашақтың іргетасы бүгіннен қаланады. Осындай мағыналы танымдық сабақтар біздің оқушыларымыздың болашағына оң ықпал етеді деп сенеміз.