#Менқұқығымдыбілемін — баланы қорғау жауапкершіліктен басталады!
Міне, қысқы демалыс та таяп қалды. Бұл — ғажайыпқа толы кез, алайда кей жағдайларда оның соңы қайғыға ұласуы да мүмкін.
Жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді.
Бұл санның артында — баланың ауыр жарақаты мен алдын алуға болатын өкінішті жағдайлар жатыр.
Отшашу мен петарда — ойыншық емес!
Олар — балаға қауіп төндіретін жарылғыш заттар.
Қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаңыздар:
18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынады. Егер балаға петарда сатып тұрғанын көрсеңіз — бей-жай қарамаңыз, бұл — заңға қайшы әрекет.
Пиротехниканы үй ішінде, балконда және тұрғын үйлердің маңында атуға немесе қолдануға болмайды.
Балалардың амандығы — сіздің қырағылығыңызға байланысты!