Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 05.02.2025ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегманова Балжан Бектібайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығында 5 "Б" сыныбына балалардың сүйікті жазушысы Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" хикаяcындағы кейіпкерлер әлемі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар шығарманың идеялық мазмұнын талдап, кейіпкерлер бейнесіне терең үңілді. Оқушылар көркем шығарманы талдау арқылы әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сабақ барысында үй жұмысын «Jeopardylabs» бағдарламасында дайындалған сұрақтарға ұяшықтарды таңдау арқылы жауап беріп пысықталса, “Жасанды интеллект” арқылы жаңа сабақты бастап “Кинолента” әдісі арқылы топтық жұмыс ұтымды болды. “Wordwall” платформасында ширату жаттығу жасалып, “Қос диаграмма” әдісі арқылы дәптермен жұмыс жүргізілгені сәтті шықты. “Колесо” әдісімен сабақты қорытындылап, «Google» әдісімен кері байланыс жасағанда оқушылардың жүзі бал - бұл жайнап сабақты толық түсінгендерін жеткізді. Осындай танымдық сабақтар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, әдеби дүниетанымын кеңейтуге ықпал етері сөзсіз. Балжан апай өз пәнінің нағыз маманы екенін көрсете білді. Алдағы уақытта сәттілік тілейміз.