Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі бойынша бейіндік оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес, 15.12.2023 жылы күні 9,10,11 сынып оқушыларымен "Менің ата - анамның жұмысының пайдасы неде?" тақырыбында ата - аналарымен сұхбат жүргізді.Сұхбат барысында ата - аналар, қызығы мен қиындығы қатар жүретін кәсіптерінің қыр-сырымен бөлісті. Мақсатымыз: Ата - анасының мамандығын таныстыру.Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандықты қадірлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Ата-аналарын үлгі ету. Мектеп бітіруші түлектерімізге, Абай атамыз "Болмасаң да ұқсап бақ бір ғалымды сүйсеңіз.Ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз" дегендей алға ұмтылып, армандарына жетіп, мамандық иесі болуларына тілектеспіз.