Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» атты экологиялық іс-шара жоспарына сәйкес, «Менің ағашым» атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Бұл акция мектеп ауласын көгалдандыру және балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Акцияға Өзiн - өзі басқару ұйымының мүшелері мен жоғары сынып оқушылары белсене қатысты. Олар мектеп ауласына ағаштар отырғызып, өздерінің еңбек сүйгіштіктерін көрсетті. Жас өскіндер, табиғатты қорғау мен көгалдандырудың маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік алды.
Акцияның басты мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаға деген қамқорлықты үйрету, мектеп ауласына ұқыпты қарауға, өз жеріне жанашырлықпен қарауға баулу. Бұл іс-шара балалардың экологиялық сана-сезімін оятып, олардың өз іс-әрекеттерімен қоғамға пайдалы болатындығын түсінуге жол ашады.
Сонымен қатар, акция барысында атсалысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз.