Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы «Мен және менің құқығым»тақырыбында челлендж ұйымдастырды. Челлендждің мақсаты – оқушылардың өз құқықтары туралы білімін арттыру, еркін пікір білдіру дағдыларын дамыту және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар қысқа аудиожазбалар арқылы өз құқықтарын атап өтті: білім алу, қорғану, еркін пікір білдіру, демалу, қауіпсіз ортада өмір сүру және дамуға құқылы екендерін жеткізді.
Аталған іс- шара нәтижесінде өзін-өзі басқару ұйымы эстафетаны А.Иманов атындағы жалпы білім беретін мектебіне жолдады.