Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 13 қазан 2025 жылы кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес 3-сынып оқушыларымен «Мен мамандықтар әлеміндемін» тақырыбында сурет салу және құрастыру сабағы өткізілді.Мақсаты:Оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру, еңбектің қадірін ұғындыру, өз бейімін анықтауға бағыт беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Сабақ барысында оқушылар өздері таңдаған мамандық иелерін бейнелеп сурет салды, сондай-ақ қағаз қималарынан мамандарға қажетті құрал-жабдықтар мен жұмыс орнын құрастырды.Балалар түрлі түсті қағаздар мен картондарды пайдаланып, дәрігер, аспаз, құрылысшы, мұғалім сияқты мамандардың еңбегін бейнеледі. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасап, үлкен қызығушылық танытты.