Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Мен ғажаппын" психологиялық тренинг
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөлімінің
05.12.2024ж №2282 санды хатына сәйкес,
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог - психологтары Лайла Калиева және Нургуль Халмуратованың ұйымдастыруымен 12 желтоқсан күні мектебіміздің педагогтері үшін ерекше және шабытқа толы психологиялық тренинг өтті. "Мен ғажаппын" атты тренинг әр ұстаздың ішкі ойын ашуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға және кәсіби жолда жаңа серпін беруге бағытталды. Тренинг барысында қатысушылар өзін - өзі танудың жаңа қырларын ашып, эмоциялық тұрақтылықты нығайту жолдарын үйренді. Бір - бірімізді қолдау, мотивация және жылы атмосфера әр сәтте сезіліп тұрды. Осындай шаралар ұстаздар қауымының дамуына, олардың шәкірттерімен жұмыс сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенеміз. Әрбір педагогтың жүрегі мейірім мен шабытқа толы болсын!