Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты
26.09.2025 ж. 25/6162 Халықаралық “Қазақ тілі" қоғамының "Ұлттық диктант" іс- шарасын өткізу туралы хатына сәйкес, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5–11-сынып оқушылары арасында «Ұлттық диктант» жобасы аясында жалпы мектепішілік диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды.
«Ұлттық диктант»- мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба.
Негізгі мақсаты - мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау.
Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
"Ұлттық диктант" – бұл тек жазба жұмысы емес, ұлт болашағына деген құрметтің, тілге деген жауапкершіліктің көрінісі.
Тіліміздің мәртебесін арттырып, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз!