Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Мектептегі дене шынықтыру пәнінің маңызы.
Дене шынықтыру – оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға баулитын маңызды оқу пәні. Мектеп қабырғасындағы бұл сабақтар арқылы балалар тек спорттық дағдыларды меңгеріп қана қоймай, өз қабілетін танып, күш-жігерін нығайтады.
Дене шынықтыру пәнінің басты мақсаттары -
- Әртүрлі жаттығулар, жүгіру, секіру, гимнастика арқылы оқушылардың бұлшықет күші, төзімділігі, икемділігін арттыру.
- Сабақ барысында оқушылар дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, спорттық тәртіп туралы ұғымдарымен таныстыру.
- Доппен ойнау, эстафета, командалық ойындар балалардың үйлесімді қозғалу, кеңістікті сезіну, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін шыңдау.
- Командалық ойындар оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара көмек пен сыйластыққа үйрету. Жеңіске жету ғана емес, қарсыласты құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
Дене шынықтыру сабағының оқушыға берері-
денсаулықты нығайтады, аурудың алдын алады.
Өз-өзіне сенімділік береді.
Тәрбиелік пен мәдениетке шақырады.
Спортқа қызығушылығын оятады.
Дене шынықтыру пәні — оқушының жан-жақты дамуына ықпал етіп, өмір бойы қажет болатын дағдыларды үйрететін маңызды сала. Денесі шымыр, ойы сергек, жігері мықты жас ұрпақ тәрбиелеу – мектептегі дене шынықтыру сабағынан басталады.
Бүгінде мектебімізде дәстүрлі жаттығулармен қатар, бейімделген ұлттық ойындары енгізілген. Бұл әр баланың жас ерекшелігіне, дене дайындығына қарай дамуына мүмкіндік береді. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеудің, денсаулығын нығайтудың және ұйымшылдыққа баулудың тиімді құралы. Ұлттық ойындарды сабақта да, сыныптан тыс іс-шараларда да, үзіліс кезінде де кеңінен қолданып келеміз.
Асық ойындары – мергендікке, дәлдікке, шыдамдылыққа үйретеді.
Арқан тартыс – күшті, бірлікті және командалық рухты дамытады.
Тоғызқұмалақ – логикалық ойлау мен есептеу қабілетін арттырады.
Ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабағында, тәрбие сағаттарында, мерекелік күндерде өткізу оқушылардың қызығушылығын арттырып, ата-баба мұрасына деген құрметін күшейтеді. Сонымен қатар, бұл ойындар балалардың денсаулығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал ете отырып, жұмыстар жүргізілуде.
Б.Соқпақбаев жалпы білім
беретін мектебінің спорт
нұсқаушысы Р.Имашов