МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ!
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 22.09.2023 жылы "Бала тәрбиесі баршамызға ортақ"тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысушылар:
1. Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры –Е.Акбердиев
2. Ата – аналар комитетінің төрағасы – О.Назарбеков
3. Шардара АПБ-нің КТІЖ инспекторы – М.Дуйсенов
4. Ата – аналар, сынып жетекшілер.
5.Майқала мөлтек ауданының ауыл биі-Т.Сахов
Күн тәртібінде:
1 Жаңа оқу жылының өзгерістері- Е.Акбердиев
2.«Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет». Баяндамашы ДТІЖО міндетін атқарушы Д.Медеубеков
3.«Мектеп жасындағы балалардың құқықтық тәртібі туралы». Шардара АПБ-нің КТІЖ инспекторы М.Дуйсенов
4.Ата-аналармен тренинг,сауалнама-мектеп педагог -психологтары Ж.Қалиева, Н.Халмұратова
4.Әр түрлі мәселелер.
Жиналыс барысында мектептің директоры Е.Акбердиев сөз алып, ата-аналармен танысып, әрмен қарай ата-аналарға бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім оқушылардың құқықбұзушылық әрекеттерге бару себептерімен бөлісті. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жөнінде бір шама кеңестерімен бөлісіп, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Жаңа оқу жылының басынан «Жалпыға міндетті білім қорынан»мектеп асханасында бір мезгілдік тегін ыстық тамақпен 1-4 сыныптарынан 266 оқушы және әлеуметтік санаттағы 5-11 сыныптарынан 40 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.күнделікті ас мәзірін мектептің әлеуметтік педагогымен диетологтың бақылауында екенін айтты.
«Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет». тақырыбында ДТІЖО міндетін атқарушы Д.Медеубеков баяндама оқып , кеңінен түсіндіріп өтті.
Мектеп инспекторы М.Дуйсенов сөз алып, ата – аналарға кәмелеттік жасқа толмаған оқушыларды барынша кешкі мезгілде үйден шықпауын, көлік құралын басқармауын, ойын-сауық орталықтары мен тойханаларда балаларының жұмыс жасауына жол бермеуін қатаң түрде ескертті. Егерде осы мәселелер бойынша анықталған жағдайда заң жүзінде хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын ескертіп өтті.
Мектеп педагог-психологтары Н.Халмұратова "ана мен баланың арасындағы қарым қатынас" анықтау мақсатында сауалнама алды.
Л.Калиева жыл бойы атқарылатын бес бағытты таныстырып, және де мектебімізде білім алушыны жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүргізуге ата-ана келісімімен таныстырып, қағаз жүзінде келісім берулерін сұрады.
Жиналысқа қатысушы ата-аналармен "Отбасы-тәрбие ұясы" атты тренинг жүргізді.
Мақсаты: отбасында ата-ана бақылауынсыз қалған бала құқықбұзушылыққа бейім болып өсетінін тренинг арқылы түсіндірді.
Әртүрлі мәселелер бойынша ата-аналар өздерінің мазалап жүрген сұрақтарын айтып, тиісті мамандардан тұшымды жауаптарын алды.