Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Е.Акбердиев пен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Медеубеков, мектеп психологы Л.Калиева мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін оқушылардың отбасыларында болып қайтты.
Мектеп директоры Е.Акбердиевтің жаңа жылмен құттықтаған жылы лебізіне, сыйлықтарына ата - аналар мен оқушылар да өз алғыстарын білдірді.
Жеткіншектерге сапалы білім,тәрбие берумен қатар, олардың еңсесін тіктеп, ертеңгі күнге нық сеніммен қарауына жағдай жасап отырған мектеп ұжымының оңды істері шынында да мақтауға тұрарлық.