Бүгін Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығы” тақырыбында ата- аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде мектебіміздің педагог- психологы Н. Халмұратова сөз алып, ата- аналарды келісім шартпен таныстырып, тренинг жасады. Сондай-ақ, ата - ананың жауапкершілігі, мектептің ішкі тәртібі, ережелерімен таныстырды. Оның ішіне балалардың мектепке мектеп формасымен келуі, сабақ уақытында ұялы телефон мүлдем ұстамау сынды тақырыптарды қозғады.
Мұнан соң өз кезегінде мектебіміздің медбикесі А. Рахимова “Жыныстық түсініспеушіліктің алдын алу” тақырыбында баяндама оқып, үйде мейлінше балалармен ашық сөйлесіп, оларға жыныстық тиіспеушілік туралы айтып отырғанның артық етпейтінін жеткізді. Осы тақырыпты тереңінен қозғаған мектебіміздің инспекторы К. Жанықұлов оқушыларымызды барынша ойынқұмарлықтың, темекі әуестігінен алшақ ұстауымыз керек екенін ашып айтты.
Жиын соңында өздеріңізге белгілі мектебіміздің әкелер кеңесінің төрағасы Т.Сахов әкенің қоғамдағы рөлі, сонымен бірге әкеден баланың аяқ тартуы үшін жұмыстар жасауымыз керек деп, дөп басып айтты. Иа “Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды” деген сөз бекерден бекер айтылмаса керек. Әкелердің рөлі қашан да жоғары екенін айтып, балалардың қоғамда тұлға болып қалыстасуына әкенің ықпалының орасан зор екенін айтып жеткізді.
Ата- аналармен өткен жиналыс қорытындысында ата- аналар комитетінің тқрағасы, олардың мүшелері сайланды.
Мектеп директоры Н. Сариев жиынды қорытындылап, барша келген ата- аналарға өз ризашылығын білдіріп, келешекте Сіздермен тығыз қарым- қатыныста жұмыс жасайтын боламыз. Бізге Сіздердің көмектеріңіз қажет. Біргелікте жұмыс атқарсақ, біздің оқушыларымыз алмайтын қамал, аспайтын асу болмас “- деді.