Шардара аудандық білім бөлімінің 10.12.2025 жылғы № 825 хатына сәйкес кәмелетке толмағандарға "Заң және тәртіп" қағидатын негізге ала отырып 11.12.2025ж күні Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениет құндылықтарын арттыру мақсатында флешмоб ұйымдастырылды.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрболат Жиенбекұлы оқушыларға «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп, құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығына айтты.