Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы аяасында сынып сағаттары өткізілді .Мектеп директоры Н. Сариев, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және мектеп президенті Н. Ермекбай қатысып, оқушылармен қауіпсіздік бағытындағы маңызды мәселелерді талқылады.
Шара барысында оқушыларға:
• мектеп аумағында өзін-өзі ұстау ережелері,
• бөгде адамдармен қарым-қатынас жасамау,
• киберқауіпсіздік пен әлеуметтік желідегі сақтық,
• төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәсілдері,
• қоғамдық орындардағы тәртіп нормалары түсіндірілді.
7-сынып аралығында «Қоғамдық мүлікті қорғау» тақырыбында сынып сағаты өтіп, оқушыларға мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, ортақ ортада қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жауапкершілікпен әрекет ету жолдары түсіндірілді.
8 -сыныптар аралығында «Табиғатқа қамқорлық жасайық» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылып, экологиялық мәдениет, табиғатты қорғау және қауіпсіз табиғи орта қалыптастырудың маңызы айтылды.