Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 01.02.2024 ж жалпы мектепшілік ата - аналар жиналысы "Мектеп ата - ана оқушы ынтымақтастығы" тақырыбында өтті.
Күн тәртібінде
1.Мектептің ішкі ережелері, ұялы телефон, тәртіп мәселесі.
2.Мейірім монолог. Педагог - психолог Л.Қалиева.
3.Зиянды заттардан сақтан, жыныстық тиіспеушілік тәрбиесі.
4."Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды" әкелер кеңес төрағасы.
5.Құқық бұзушылықтың алдын алу. 6.Қорытынды. Мектеп директоры.
Қатысқандар :
1.Аудандық жастар орталығының психологы А.Бердалиева.
2.Аудандық ішкі істер бөлімінің полиция капитаны, мектеп инспекторы М.Дүйсенов 3.Әкелер кеңесінің төрағасы Т.Сахов Жиналыста ата-аналар комитетінің төрағасы ашып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз кезегін ДТЖЖО А.Байқоңыроваға берді. А.Байқоңырова ата - аналардың жауапкершілігі ішкі тәртіп ережелері, тәртіп мәселелері бойынша айтып сөз кезегін А.Бердалиева алып жасөспірімдер қазіргі кезде зиянды заттарға әуес болып бара жатқандығын оның денсаулыққа зиян екендігін кәмелетке толмаған қыздар арасында жүктілік көбейіп жатқандығын қадағалау керектігін ескертті.
3.Педагог психолог Л.Қалиева ата - аналарға оқушылардың салған суреттерін зерттеп, 6 "Б" сынып оқушысы А.Дүйсенбекұлы ата - ана мейірімі туралы монолог оқыды.
4.Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі мезгілде электронды самакат көлік айдамау туралы ескертіп айтты. "Бір әкенің тәрбиесін 100 мектеп бере алмайды" тақырыбында әкелер кеңес төрағасы Т.Сахов ағай бала тәрбиесінде алдымен ата - ана жауапты екенін айта келе, қала тазалығы туралы тілге тиек етті, шамдарды сындырмауға балааларға айту керектігін ескертті. Сөз кезегін мектеп директоры Е.Акбердиев алды Биылғы оқу жылында мектебімізде лед экран және робототехника, биология, математика, физика кабинеттері талапқа сай жабдықталды. Барлық сыныптар жаңа парта, орындықтар мен 100% қамтылды. Сыныптарға 12 интерактивті панельдер қойылды. 1 - 4 сынып оқушылары асханадан тегін ыстық тамақпен тамақтануда. Ата-аналарды ынтымақтастықпен жұмыс істеуге шақырды.