МЕКТЕП АСХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп асханасына бракераж комиссиясы мониторинг жүргізді.
Мақсаты: Оқушыларға берілетінкүнделікті бір мезгілдік тегін ыстық тамақтың ас мәзіріне сәйкестігі және асхана қызметкерлерінің жұмысын, санитарлық - гигиеналық талаптарының сақталуына бақылау жасау. Тамақтың талапқа сай екендігін қадағалау және оқушылардың сапалы тамақтануына көз жеткізу. Тексеру нәтижесінде тамақ өнімдерінің сапасы, күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сәйкестігі, асхананың жұмыс кестесінің сақталуы тексерілді. Осы тексеру нәтижесінде күнделікті берілетін мәзір перспективалық мәзірге сәйкес келеді. Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталған.
Асханада тиым салынған тағамдар мен өнімдер жоқтығы анықталды. Қоймалардың санитарлық жағдайы жақсы. Асхана қызметкерлері асханада жұмыс істеу кезінде гигиеналық талаптарды сақтайды. (маскалар, қолғаптар, қалпақтар). Асхана қызметкерлерінің өндірістік гигиенаны сақтайтындығы анықталды. Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына сонымен қоса өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайлары тексерілді. Арнайы комиссия асхана қызметкерлеріне ұсыныс, пікірлерін айтты.