Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
МЕКТЕП АСХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан облысы, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте, мектептен берілетін бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамағына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы, санитарлық талаптарға сәйкестігі, тағамның сақталу және дайындалу тәртібі, сондай-ақ асхананың тазалығы мен санитарлық-гигиеналық жағдайы жан-жақты қаралды.
Тексеру нәтижесінде күнделікті берілетін мәзір перспективалық мәзірге сәйкес келетіні.
Асханада тиым салынған тағамдар мен өнімдер жоқтығы анықталды. Қоймалардың санитарлық жағдайы жақсы.
Асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына сонымен қоса өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайлары тексерілді.
Жалпы бақылау қорытындысында тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы қанағаттанарлық деп танылды.