Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024жылдың 25 - мамыр күні мектеп ауласында 11 - сынып мектеп бітіруші түлектеріне арналған "Мектебім, саған мың алғыс!" Тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Аудандық білім бөлімінің басшысы Ж. Т. Мұсатаева, аудандық қоғамдық медияторлар ұйымының төрағасы Ж. Биту, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ә. Зүлей, ата - аналар комитетінің төрағасы О. Назарбеков, ардагер ұстаз Г. Нарымбетовалар қатысты. Жиынға ҚР Мемлекеттік Туы енгізіліп, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Іс - шараны мектеп директоры Е. Д. Акбердиев ашып, өмірдің екінші сатысына қадам басқалы тұрған бітіруші түлектерімізге ақ жол тілеп, осы сәттен бастап үлкен өмір жолына, жаңа бағытқа жолдама алып отырғандарын айта келе, еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда, сондықтан қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін деп жылы лебізін білдірді. 2023 - 2024 оқу жылында 25 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебімізден қанат қаққалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша "Алтын белгі" иегерлері Амангелді Самат, Байдылаева Мадина "Үздік аттестат" иегерлері Зейілбек Шырын, Лейтанат Әсел, Нұрым Айшолпан, Сман Әсем үміткер болып отыр, сол үмітімізді ақтайды деген сенімдеміз деп сөзін қорытындылады.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы мектеп бітіруші түлектерге Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуына үлкен үлес қосатын азамат болады деген сенімдемін, баршаңыздың алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, үкілі үміттеріңіз ақтала берсін деген тілегін білдірді.
"Алтын белгі" иегері Амангелді Самат өздерінен кейінгі ізбасарларына өсиетін айтып "Білім кілтін" Алмеш Жансаяға тапсырды.
Жүректері лүпілдеп, алып ұшып тұрған мектеп түлектерінің сынып жетекшілері А. Рахманова, Ә. Асқарова және қонақтарымыздың ізгі тілектері тыңдалды.
Шара барысында өткен оқу маусымында білім мен өнерде, спорт пен шығармашылықта үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылар, ұстаздар, ата - аналар марапатталып, түлектердің концерттік бағдарламасы ұсынылды.