Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының басталуына орай "Мектебім-мейірім мекені" атты мерекелік жиын жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өтті.
1-сыныпқа алғаш қадам басып отырған бүлдіршіндерді салтанатты түрде ортаға шақырылды.
Мерекелік іс-шараны мектебіміздің директоры Е.Акбердиев ашып, жаңа оқу жылымен оқушыларды, ата-аналарды құттықтады.
Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекшеліктерімен таныстырды.
Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын Аудандық білім бөлімінің әдіскері Г. Шәмеева, ардагер ұстаздардың атынан Ә.Зүлей құттықтау сөз сөйлесе, ауыл биі Т. Сахов атамыз ақ батасын берді.
Жиын барысында 1 сынып оқушылары өлең шумақтарын оқып, өнерлі оқушылар әннен шашу шашты.
Алғашқы қоңырау үнін 1-сынып оқушылары Ә.Досымұлы мен З. Дулатқызы сыңғырлата соқты.
"Алғашқы қоңырау" рәсімінің ІІ бөлімі кезең-кезеңімен сынып бөлмелерінде "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында ашық тәрбие сабақтарымен жалғасын тапты.