Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.Сондықтан халқымызда ежелден мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу адами парыздың басты белгісі. Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектепте де көп балалы отбасы балалары мен жалғызілікті жандардың балаларына демеушілер ұйымдастырып, қамқорлық көрсету жақсы жолға қойылған. Әлеуметтік көмекке зәру балаларды анықтап, тиісінше көмек беріледі. Мұндай іс - шаралар алдағы кезде де өз жалғасын табатын болады. Демеуші болған азаматтарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.