Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог - психологы Л.Калиева 13 қараша күні 9 - 10 - 11 сынып оқушыларымен “Мамандықтың бәрі жақсы, қалауынша таңдап ал!” тақырыбында тренинг - сабақ өткізілді.
Тренинг - сабақтың мақсаты: Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру. Оқушының түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық, сауаттылық белсенділігін дамыту. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктеріне көмек беру.
Тренинг міндеттері: Кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру, кәсіптік бағдар беру.