Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 9 - сынып ата - аналарына арналған "Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай?" тақырыбында ата - аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты ата - аналарға балаларының мамандық таңдауына дұрыс бағыт - бағдар беруге көмектесу, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңыздылығын түсіндіру және оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал ету. Іс - шара барысында кәсіби бағдар беру педагогы Р.Сопбекова ата - аналарға мамандық таңдау кезінде қандай факторларды ескеру керектігі жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар мамандық таңдауға байланысты ата - анаға арналған жадынамамен таныстырды. Сынып жетекшілері Б.Бегманова мен М.Митанова әр оқушының оқу үлгерімі мен жеке қызығушылықтарына тоқталып, ата - аналармен пікір алмасты. Сонымен қатар, қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берілді. Жиналыс соңында ата - аналарға келесі оқу жылында оқушылардың қабілетіне қарай қоғамдық - гуманитарлық, жаратылыстану - математикалық бағытқа бөлініп оқытылатыны туралы егжей - тегжейлі түсіндірілді. Жиналыс барысында ата - аналар мамандық таңдаудағы өз жауапкершілігін түсініп, балаларына қолдау көрсету жолдары туралы кеңестер алды. Мектеп пен ата - аналар арасындағы тығыз байланыс оқушылардың өз болашағына дұрыс қадам жасауына көмектеседі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.