Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Осы орайда бүгін, 16.09.2025 ж. Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып бітіруші түлектерімен тағылымды кездесу өтті.
Алдымен жиынды, мектеп директоры Н.Сариев сөз сөйлеп, түлектердің алдағы уақытта жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі мамандық иесі атанатынын атап өтті. Сонымен қатар, шекарашы болу, төтенше жағдай саласында қызмет ету сияқты елге адалдық пен жауапкершілікті талап ететін мамандықтардың қоғам үшін маңызын ерекше айтты.
Кездесудің қадірлі қонақтары:
Али-Асқар Шералиев – Шардара ауданының «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының төрағасы;
Сатбаев Қылышбай – Шардара ауданының құрметті азаматы, Ауған соғысының ардагері, отставкадағы майор, өз баяндамасын оқыды;
Қадыров Мират Арнасай шекара бөлімшесінің жауынгерлік бойынша орынбасары, аға лейтенант
Қасымбеков Жандарбек Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасынан майор
Сабыржан Бахтияр Арнасай шекара бөлімшесінің бастығы, Капитан
Сатыбалдиев Мақсат,
АӘД-пәнінің мұғалімі. Н.Балғаев және ДТЖЖО Н.Ділдабек қонақта болып, жас түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, ел қорғау мен қоғамға адал қызмет ету – әр азаматтың қасиетті борышы екені кеңінен айтылды.

Бұл тағылымды кездесу жас ұрпақтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді.