Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылы 17 қаңтар күні кездесу ұйымдастырылды. Шараға мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н.Балғаев пен Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау аға анықтаушысы Бекжан Сүлеймен Бижигитұлы қатысты.
Кездесудің басты мақсаты: 10-11 сынып оқушыларын М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге шақыру және төтенше жағдайлар жөнінде мағлұмат беру болды. Бекжан Сүлейменұлы оқушыларға академияның ерекшеліктері, оқу процесі, болашақ мамандарға қойылатын талаптар және азаматтық қорғау саласының қоғамдағы маңызы туралы баяндады.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу, өз-өзін құтқару және апаттар кезінде дұрыс әрекет ету жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы құнды ақпарат алып, тақырыпқа қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.