Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Түркістан облысы Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Г.Бердибекова мен кәсіби бағдар беру педагогы Р.Сопбекованың жұмыс жоспарына сәйкес 15.10.2024ж. күні 1 - 4 сынып оқушыларымен "Мамандық иелеріне сипаттама" тақырыбы бойынша қызықты викториналар мен әңгімелер ұйымдастыру сабағы өткізілді. Негізгі мақсатымыз: Мамандықтар туралы білімді арттыру - түрлі мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстыру, олардың қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру. Мамандық таңдауға көмектесу - оқушыларға өз қызығушылықтары мен қабілеттерін айқындап, болашақ мамандықты дұрыс таңдауына бағыт беру.Топтық жұмыс пен қарым - қатынас дағдыларын дамыту - викторина және әңгіме арқылы оқушылардың өзара пікір алмасуына, топтық жұмысқа бейімделуіне мүмкіндік беру.Мамандықты ойын түрінде жеткізу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру.