Жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесу – бүгінгі білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған "Мамандығым – мақтанышым" атты кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты:
Оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру;
Түрлі сала мамандарымен таныстырып, олардың тәжірибесімен бөлісу;
Оқушылардың өз қабілеттерін дамытуға деген қызығушылығын арттыру;
Әр мамандықтың маңыздылығын түсіндіру арқылы еңбекке құрмет қалыптастыру.
Қонақтар:
Төтенше жағдайлар маманы-Бекжан Сүлеймен, кәсіпкер, тігінші - Ырсымбетова Гүлмариям апайымыз және ардагер ұстазымыз - Нарымбетова Гүлназ апайларымыз .
Кездесуде мамандар оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, жетістікке жету жолдары туралы әңгімеледі. Әр маман өз саласының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жайлы айтып, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында оқушылар мамандық таңдаудың маңыздылығын түсініп, еңбек нарығындағы сұраныстар, кәсіби даму жолдары туралы құнды ақпарат алды. Осындай шаралар оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына септігін тигізіп, олардың мотивациясын арттырады.