Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Ширинбекова Нагимаш және Алтынбекова Изюль “Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру жөніндегі кешенді жоспарын” іске асыру мақсатындағы" Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы”тақырыбында мектепалды даярлық топтар арасында ертеңгіліктер ұйымдастырды.
Әр тәрбиеленуші өз білімдерін,тапқырлықтарын және сахналық көріністерін шеберлікпен көрсете білді. Топтар арасында өздеріне берілген қызықты тапсырмаларды жарыса орындап көрермендерді тәнті етті.Іс - шара өте әсерлі өтті.