Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 15 желтоқсан күні жаңа аптаның басталуына орай дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.
Мектеп директоры Н. Сариев Тәуелсіздік мерекесімен құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар мен адалдық қағидаттары негізінде тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
“16-желтоқсан Тәуелсіздік “ күніне орай ерекше түрде оқушылар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, патриоттық рухты көтеретін «Туған ел»«Елім менің» секілді патриоттық әндерді орындады.
Мақсаты – оқушыларға елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін сіңіру, патриоттық тәрбие беру және тәуелсіздік ұғымының қадір-қасиетін түсіндіру.
Оқушылар белсенділік танытып, ұлттық рух пен бірлік көрініс тапқан сәтті күн болды.