Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кәсіби бағдар беруші Р. Сопбекова мен педагог - психолог Л. Калиеваның жетекшілік етуімен, 9 сынып оқушылары үшін маңызды тренинг ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Маған болашақта керек мамандық».
Тренинг барысында оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі замандағы сұранысқа ие мамандықтар жөнінде жан - жақты ақпарат берілді. Оқушыларға жұмыс нарығында қандай мамандықтардың өзекті екенін, әр мамандықтың ерекшеліктері мен қажетті дағдылары туралы мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін дұрыс бағалап, таңдауларын саналы түрде жасау керектігі түсіндірілді.
Кәсіби бағдар беру тренингінің мақсаты - оқушыларды болашақ мамандық таңдау процесіне дайындау, өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес мамандық таңдауға көмектесу болып табылады. Бұл тренинг болашақта дұрыс шешім қабылдауға, жаңа мүмкіндіктерді анықтауға және мақсатқа жету үшін дұрыс қадамдар жасауға бағытталды.
Мамандық таңдау - әр адамның өміріндегі маңызды қадам. Сондықтан бүгінгі тренинг оқушылардың дұрыс таңдау жасауына ықпал етіп, болашақта табысты маман болуға деген жолын ашады деген сенімдеміз.