Түркістан облысы Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебіне 2025 жылы 11 ақпан күні Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясынан арнайы мамандар келіп, жоғары сынып оқушыларымен маңызды кездесу өткізді.
Кездесу барысында академия өкілдері оқу орнының құрылымы, мамандықтары және түсу талаптары туралы толық ақпарат берді. Оқушылар өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарының маңыздылығы, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету дағдылары және академияда оқытылатын пәндер туралы жан - жақты мәлімет алды.
Мамандар оқушыларға Қазақстандағы азаматтық қорғау жүйесінің маңызы, төтенше жағдайлар кезінде көрсетілетін көмек және құтқарушылардың атқаратын рөлі туралы тәжірибелік мысалдар келтірді. Сонымен қатар, Академияға түсу үшін қойылатын талаптар, оқу бағдарламасының ерекшеліктері жайлы кеңінен түсінік берілді.
Кездесу соңында жоғары сынып оқушылары мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Көптеген оқушылар бұл кездесудің өздері үшін пайдалы болғанын атап өтіп, азаматтық қорғау саласына деген қызығушылықтарының артқанын айтты.
Осындай танымдық шаралар оқушылардың болашақ мамандық таңдауына үлкен ықпал етеді. Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы мамандарының келуі - мектеп оқушылары үшін кәсіби бағдар беруде маңызды қадам болды.