Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты әдеби кеш болып өтті.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен Мұқағали ақынның лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген. Дегенмен, өмірде өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Ақынды күллі халық сүйіп оқыды. М.Мақатаев шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді.