Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай әдеби - сазды кеш болып өтті.
Бұл кеш Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын еске алып, оның өмірі мен поэзиясына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылардың белсене қатысқан бұл іс - шарасы ақынның әдеби мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу жолындағы үлкен қадам болды.
Кештің тақырыбы «Мұқым елдің мұзбалағы» деп таңдалып, ақынның шығармашылық әлеміне терең бойлауымен өте әсерлі болып есте қалары сөзсіз.
Оқушылар ақынның танымал өлеңдері мен әндерін орындап, оның ішкі әлемін жеткізетін көріністер қойды.
Ақынның терең философиялық және лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы оқушылар ақын өлеңдерінің мазмұнына, жүрекпен айтылатын сезімдеріне баса назар аударды.
Сонымен қатар, кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасалды.
Әдеби сазды кеш оқушыларға ақынның шығармашылығын, өмірін құрметтеуді, әдебиетті сүйіп оқуды және өз елінің ұлы тұлғаларын бағалауды үйретті.