Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылы 22 қаңтар күні курстан кейінгі қолдау жоспарына сай мектептің педагог - психологтары Л.Калиева және Н.Халмуратова "Балалар мен жасөспірімдер арасында деструктивті, аутодеструктивті, агрессивті мінез - құлықтың алдын алу және психологиялық түзету" тақырыбында біліктілігін арттыру курсын сәтті аяқтап, осы білімдерімен мектеп мұғалімдеріне «Деструктивті мінез - құлықты болдырмаудың жолдары» тақырыбында коучинг сабағын өткізді. Жасөспірімдердегі деструктивті мінез - құлықтың белгілері мен себептері; Аутодеструктивті және агрессивті мінез - құлықтың алдын алу жолдары; Мұғалімдерге арналған психологиялық қолдау және жұмыс тәсілдері;,Жасөспірімдермен тиімді қарым - қатынас орнату үшін практикалық дағдылар туралы талқыланды. Бұл коучинг сабағы мұғалімдерге жасөспірімдердің психологиясын жақсырақ түсінуге, олармен тиімді қарым - қатынас орнатуға және деструктивті мінез - құлықтың алдын алуға мүмкіндік берді.,Педагогтар мен психологтар бірлесе отырып, жасөспірімдермен жұмыс жасаудағы өзара тиімді тәсілдер мен құралдарды талқылап, кәсіби білімдерін толықтырды.