Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мұғалімдер күнін мерекелеу тұжырымдамасына» сәйкес педагогтің қоғамдағы беделін арттыру, ұстаз мамандығының мәртебесін көтеру және ұстаздарға алғыс білдіру мақсатында «Ұстаз ұлы тұлға!» тақырыбында бірнеше жылдар бойы жұмыс атқарып келе жатқан мұғалімдердің еңбегі, жетістігі туралы қысқа бейнеролик челленджін назарларыңызға ұсынамыз.
Ұстаз –ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім –тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтанда ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшелінеді.Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек.
Ендеше өз ісіне берілген,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,шәкірттерінің жанына нұр құйып,өмірде өзі де бақытты болып,өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,жолы да бөлек.
Құрметті ұстаздар сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!