Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологтары Калиева Лайла мен Халмуратова Нургуль жоспар негізінде «Мұғалім мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі » тақырыбында ұстаздармен психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Ұстаздық жол қиындығы да,қызығы да жетерлік. Жауапкершілігі жоғары мамандықтардың бірі ұстаздық жол екені ақиқат. Мектебіне қарап, оқушысын, оқушыға қарап мұғалімді тануға болады демекші, шынында да мұғалім мектептің негізгі мүшесі жүрегі болып табылады.
Себебі, бұл мамандық иелерінің мойнында ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Міне осылай ұстаздық жолда мектептің қиындығымен қызығын бірге алып жүретін ұстаздарымыздың психологиясына көптеген ауырлық түсіп, жүйке жүйесі шаршайтыны және оның салдары кейде күйзеліске яғни стреске алып келетіні рас. Ал стресс біздің денсаулығымызға өзінің зияның тигізбей қоймайды.
Ал ұстаз өзінің профессионалдық ұстанымын жоғалтпай, әрдайым көңіл-күйін көтеріп ұстау қажет. Стресті жеңудің бірден бір жолы - ол көтеріңкі көңіл күй. Көңілі көтеріңкі ұстаздың сабағы да жақсы өтеді екен. Еңбегі де жемісті болады.
Тренинг барысында «Менің көңіл күйім», «Шеңбер бойындағы доп», «Шуақты күн» жаттығулары жасалды.