Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 - 2024 оқу жылының 04.12.2023 - 15.12.2023ж күндері аралығында "Ұлы тарих - кемел келешекке жетелейді" тақырыбында тарих-география бірлестігінің онкүндігі өткізілуде.
Декада тарих пен география сабақтарында оқушылардың бойында функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақтасында жүргізілуде.
4 желтоқсан күні мектеп директоры А.Е.Дүйсенбекұлының қатысуымен тарих-география бірлестігінің ашылуы өткізілді.
5 желтоқсан күні география пәні мұғалімі Н.К.Қосаева 8 "Ә" сыныбына "Өзен аңғарының құрылысы" тақырыбында ашық сабағын жоғары деңгейде өтті. Тарих пәні мұғалімі М.А.Тәттібеков "Ұлы жібек жолы" тақырыбына 6 "Ә" сыныбына ашық сабақ өткізді.
6 желтоқсан мұғалімдер арасында А.Эстемесова "Бауырсақ пати" іс - шарасын өткізіп,
7 желтоқсан 10 "Ә" сыныбына "Ғаламдық экологиялық проблеммалар" тақырыбында ашық сабағын жақсы өткізді. Сонымен қатар 8 желтоқсан күні 6 "А, Ә, Б, В" сыныптарының қатысуымен тарих - география бірлестігі, С.О.Примжаров "Тарихи Толағай" атты іс - шара өткізді. Онкүндіктің алғашқы аптасы жаңа әдіс - тәсілдермен, жан - жақты оқушыларды қызықтыратын ойындармен ашық сабақтар өте жоғары деңгейде заман талабына сай өткізілді.