Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ұлы тарих - кемел келешекке жетелейді» тақырыбында тарих және география пәндерінің апталағы жалғасуда. Апталықтың негізгі мақсаты уақыт алмасып, ғасырлар жалғасып жатқан тұста біздің еліміздің алға қойған мақсат - ниеті - береке - бірлікте екенін ұғындыру мен оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру,патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін,жерін сүюге, салт - дәстүрін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу аясында болды. 06.12.2024 күні география пәні мұғалімі Н.Косаева 10 «А» с ынып оқушыларымен «Ғаламдық эколгиялық проблемалар» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: 10.3.2.7 геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтау. Сабақта оқушылар топқа бөлінді. «Wordwall» платформасы үй тапсырмасын сұрауда оқушылардың ынтасын арттыруға көмектесетін және жылдамдықпен жауабын анықтайтын әмбебап оқу ресурсының тиімділігі байқалды.Картамен жұмыс жасау да географиялық орнын сәйкестендіруде оқушының оқуға мотивациясын арттыруда тиімділік танытты. Жаңа сабақта Chat GPT оқу құралы оқыту мен шығармашылық тапсырмаларды автоматты түрде тауып,тексеріп, мәтіндермен жұмыс үшін және презентация жасауда берілген тапсырмалардың арасындағы байланыстарды анықтауда шығармашылық тапсырмаларды орындауда таптырмас құрал болды. Қорытынды бөлімде сабақ барысында алған ,түсінген,қолданған ақпараттарын орнына қоюды«Wordwall» платформасы арқылы бекіту білім алушыларға қызықты болды әрі белсенділігін арттырды деуге болады.